Жуырда «Келісім және бейбітшілік жолымен» атты телевизиялық жоба көрерменге жол тартады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жуырда «Келісім және бейбітшілік жолымен» атты телевизиялық жоба көрерменге жол тартады

19.11.2021

Желтоқсан айынан бастап «Келісім және бейбітшілік жолымен» атты телевизиялық экспедиция көреременге жол тартады. Онда Қазақстанда тұратын түрлі этнос өкілінің тыныс-тіршілігі көрсетілмек. Қазақстан Халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Мая Бекбаева 17 аймақты аралап, көптеген ұлт өкілімен сұхбаттасқан болатын.

Экспедиция әуелі Қарағанды облысынан басталды. Мұнда 100-ден астам этнос өкілі тұрады. Кейіпкерлер әр алуан. Бірі мал шаруашылығымен айналысса, енді бірі темірден түйін түйеді. Солардың бірі – Александр Шлехт. Ол Жезқазған қаласындағы зауытта болат қорытушы болып жұмыс істейді. Александрдың ұлты неміс болғанымен, қазақтың тілі мен салт-дәстүріне деген құрметі ерекше

Александр Шлехт, Жезқазған қаласының тұрғыны:

Мен қазақша жақсы білемін. 11 жыл қазақ тілінде оқыдым. Қазақ балаларының арасында өстім.  Атқа мініп, бәйге шауып жүремін. Қазақтың бүкіл салт-дәстүрін білемін.

Деректі фильмде түрлі ұлт өкілдерінің тұрмыс тіршілігі, мәдениеті көрсетіледі. Ерекше кейіпкерлермен сұхбат өрбиді. Әр өңірде орналасқан Достық үйінің қызметі де қамтылады. Жалпы, Ассамблея жұмысының 30 жылда жеткен жетістіктері айқындалады. Түрлі этнос өкілдерінің өмірін қамтитын телевизиялық жоба 5 бөлімнен тұрады.


Хабарламаларға жазылу