Алдағы 5 жылда елімізде электронды сауданың ауқымы артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы 5 жылда елімізде электронды сауданың ауқымы артады

05.06.2018

Бұл мәселе бүгін Үкімет отырысында көтерілді.  Биылғы жылдың алғашқы 5 айының өзінде электронды сауда нарығының көлемі 101 миллиард теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда екі есе көп. Министрлік таратқан мәліметке қарағанда, осы күні нарықта 1700 интернет дүкені жұмыс істеп тұр. Ал оны пайдаланушылардың саны 1,5 миллионға жуықтады. Қазір ведомство халық пен кәсіпкерлердің цифрлық сауаттылығын арттыру үшін белсенді жұмыс атқаруда. 

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

Электронды сауданы, қаржылық технологияларды және қолма-қол төлемді дамыту - «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарының бірі. Мемлекеттік бағдарлама интернет сауданы дамыту бойынша еліміздегі кедергілерді жоюға бағытталған шаралардың кеңейтілген кешенін іске асырады. Бәсекеге қабілеттілікті ұлғайтады.

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу