Қазақстанда жанар-жағармайдың бағасы реттелмейді - Министр
Қазақстанда жанар-жағармайдың бағасы реттелмейді. Осылай деген Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев бензин құнының өсуіне әсер ететін екі факторды атады. Айтуынша, жанармай құны алдымен Brent мұнайының бағасына тәуелді. Екіншіден, көрші елдерде қалыптасқан бағадан айырмашылық үлкен болмауы керек. Бәсекелестікті қорғау агенттігінің мәліметінше, Нұр-Сұлтанда екі аптадан бері бензин қымбаттап жатыр. Қазан айының соңында АИ-92-нің литрі 173-179 теңгеден саудаланса, өткен аптада 183 теңгеге дейін жеткен. Жанармай бағасы Ақмола, Алматы, Қызылорда облысында да өскен.
Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика министрі:Жанар-жағармайдың бағасы реттелмейді. Қазір жүйелік өзгерістерді әзірлеп жатырмыз. Оның ішінде ең бастысы - біздің 3 мұнай өңдеу зауыттарының жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу ремонттарының мерзімдерін нақтылау және регламенттеу. Екіншіден, мемлекеттік материалдық қорды қалыстастыру.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
«Әділет» партиясы «Есіктен есікке» акциясын бастады
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03