Ақтауға жарты жылда 140 мыңға жуық турист келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауға жарты жылда 140 мыңға жуық турист келген

18.11.2021

Маңғыстау облысына биыл жарты жылдың ішінде 140 мыңға жуық турист келді. Бұл - өткен жылмен салыстырғанда 3 есе көп. Нәтижесінде облысқа 3 млрд теңгеден астам қаржы құйылған. Өңірде туризмді дамыту - экономиканың басым бағыттарының бірі. Сондықтан соңғы жылдары әсіресе Каспий теңізінің жағасын туристік аймаққа айналдыруға күш салынып жатыр.

Шамамен 130 гектар жерге инженерлік-инфрақұрылым жүргізіліп, 4 жолақты асфальт төселді. Инвесторлар тартылып, бірнеше заманауи демалыс кешені бой көтерді. Тағы бірнешеуі салынып жатыр. Қазір Маңғыстау облысы республикадағы ең үздік 10 туристік аймақ қатарына енді.

Бекбол Орынбасаров, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары:

Туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында біздің осы Маңғыстау облысында 300 млрд-тан астам сумманың 13 арнайы жобасы қарастырылған. Қазір іске асып жатыр. Сонымен қатар, жергілікті туристік компаниялардың 8 жобасы 70 млрд-тан асады, соны іске асыруды жоспарлап отырмыз. 


Хабарламаларға жазылу