Павлодарда жанармайды шекарадан өткізбек болғандар ұсталды
Павлодар облысы аумағында АИ-92 бензинін шекарадан өткізбек болғандар ұсталды. Олар 480 тонна өнімді теміржол арқылы Ресейге апармақ болған. Алайда Экономикалық қылмыстарды тергеу департаменті қызметкерлері күдіктілердің әрекетін алдын-ала біліп, тауар жөнелтуге дайын болған сәтте, яғни бұлтартпас деректермен ұстады. Ал жүкті жөнелту құжаттарында бензиннің орнына мүлдем басқа өнімнің маркасын жазғандары анықталды.
Арман Әбетанов, Экономикалық қылмыстарды тергеу департаментінің басқарма басшысы:
Тергеу кезінде жанармайды теміржол цистерналарына құйып, химиялық сұйық қоспа ретінде өткізбек болғандары анықталды. Алдын-ала жасалған келісімшарт бойынша 2 млрд 800 млн теңгенің бензинін шекара асырмақ болған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05