Шымкентте 180 тонна мазутты заңсыз саудалаған кәсіпорын директоры сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 180 тонна мазутты заңсыз саудалаған кәсіпорын директоры сотталды

16.11.2021

Шымкентте 180 тонна мазутты ешқандай құжаттарсыз заңсыз саудаға салған кәсіпорын директоры істі болды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті қызметкерлері мәлімдеді. «Alma Oil Trading» ЖШС-нің директоры Нақыпов мазутты белгісіз біреуден сатып алып, оны Жамбыл облысы Сарысу ауданы тұрғын үй коммуналды шаруашылығы және жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөліміне қайта саудалаған. Қай жерде өндірілгені, қалай өңделгені туралы ешбір құжаттары жоқ отынның жалпы бағасы - 17 миллион теңге. Осындай заңсыз әрекетке барғаны үшін кәсіпорын директоры соттың шешімімен 3 жарым жылға бас бостандығынан айырылды.


Хабарламаларға жазылу