Елімізде жыл басынан бері бір миллион 200 мың адам жұмыспен қамтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жыл басынан бері бір миллион 200 мың адам жұмыспен қамтылды

15.11.2021

Елімізде жыл басынан бері бір миллион 200 мың адам жұмыспен қамтылды. Цифрлық үкімет кеңесесіндегі мәлімет бойынша, жоспар 100 пайызға орындалған. Оған ауқымды бағдарламалардың тиімділігі әсер еткен. Мәселен, «Еңбек» бағдарламасы бойынша 689 мың адамға көмек көрсетілді. 400 мыңдайы тұрақты жұмысқа тұрды. Ал 31 адамға гранттар мен микрокредиттер берілді. Жұмыспен қамтудың жол картасы да ойдағыдай іске асып жатыр. Бұл бағдарлама бойынша 29 мың адам екі қолға күрек тапты. Әрі 240 инфрақұрылымдық және 40 инвестициялық жоба әзірленді. Сондай-ақ, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және Агроөнеркәсіп кешенін дамыту секілді мемлекеттік бағдарламалар арқылы 286 мың адам жұмысқа орналастырылған.  

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу