Қазақстан-Чехия үкіметаралық комиссиясының 11-отырысы өтті
Чехия Қазақстанмен барлық салада ынтымақты арттыруға ниетті. Прагада өткен Қазақстан-Чех үкіметаралық комиссиясының 11-отырысында тараптар екіжақты қарым-қатынасты дамыту жолдарын талқылады. Пандемияға қарамастан соңғы 9 айда қос елдің тауар айналымы 185 млн долларға жеткен. Басқосуда сенімді серіктестер экономика, машина жасау, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау салаларында тәжірибе алмасу жайын қаузады. Шара аясында еліміздің азаматтық авиация академиясы мен Прага техникалық университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Чехия кәсіпкерлері де Қазақстанда бірқатар инвестициялық жобаны жүзеге асыруды көздеп отыр.
Ян Зонненшайн, «Sonnenenergie» компаниясының бас директоры:Біздің компания Қазақстанда жел, күн станцияларын дамытуға арналған үш жобаны жүзеге асыруға кірісті. Қарағанды, Алматы облыстарында күн сәулесінен энергия өндіретін станциялар салуды алдағы 2-3 жылда аяқтауды жоспарлап отырмыз.
Қайрат Төребаев, ҚР Сауда және интеграция министрінің орынбасары:Қазір Қазақстанда энергияның баламалы көздері, құрылыс, қаржы қызметі басқа да салалалрда 100-ден астам чех компаниясы жұмыс істеп жатыр. Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегінен арылуды мақсат етіп отыр. Чех технологиясының көмегімен бұл межені мерзімінен бұрын бағындыруға болады.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06