X Азаматтық форум жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

X Азаматтық форум жұмысын бастады

12.11.2021

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстанның X Азаматтық форумын ұйымдастыру және өткізу тетіктері пысықталды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырғалы отырған шара қарашаның 21-і мен 26-сы аралығында онлайн және офлайн форматта өтеді деп жоспарланған. Оған министрлік өкілдері, депутаттар, қоғам белсенділері мен қайраткерлер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысып, Халықаралық конференция мен ашық алаңдардың спикерлері атанады. Форумның арнайы бағдарламасы аясында алғаш рет қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған ресми сайт өз жұмысын бастады. Оған кез келген ел азаматының тіркеліп, шараға онлайн қатысуға мүмкіндігі бар.


Хабарламаларға жазылу