Қазақстан қаржыгерлерінің IX конгресі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан қаржыгерлерінің IX конгресі өтуде

12.11.2021

Қазақстанның қаржы саласы Орталық Азияда ең озық жүйе саналады. Бүгінде оның жиынтық активі 35 триллион теңгеден асқан. Ал бұл – еліміздің ішкі жалпы өнімінің тең жартысынан көп. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан қаржыгерлерінің IX-шы Конгресіне жолдаған Үндеуінде айтты. Елдің қаржы секторының қарқынды даму мәселелерін талқылауға арналған платформа биыл онлайн форматта өтті. Конгрес қатысушылары әлем экономикалысының цифрландырылуы, жасыл экономика мен инфляцияның өсімі сынды әлем елдеріне төніп тұрған сын-қатерлердің шешілу жолдарымен бөлісті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті: 
Біз 90 жылдардың басында негізгі нарықтық реформаларды жүзеге асырдық. Қаржы қатынастарын кешенді түрде қайта қарап жаңғырттық. Әлемдегі озық тәжірибелерді ескере отырып, банк саласына түбегейлі өзгерістер енгіздік. Еліміздің толыққанды қаржылық инфрақұрылымы жасалды. Соның нәтижесінде қор жинап, оны тиімді жұмсауға мүмкіндік туды. 


Хабарламаларға жазылу