Мүгедектер мен балаларға медициналық бұйымдар тегін берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүгедектер мен балаларға медициналық бұйымдар тегін берілді

11.11.2021

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап ұйымдастырған «Отыз игі іс» акциясы Түркістан облысының Ақсукент ауылында жалғасты. Облыстық мәслихат депутаты, партия мүшесі Төрегелді Қалмұратов медициналық бұйымдар шығаратын зауыттың алғашқы өнімін балалар мен ерекше мұқтаж жандарға тегін тапсырды. Жуырда іске қосылған кәсіпорынның бір ерекшелігі осында жұмыс істейтін 60 адамның 70 пайызы - мүмкіндігі шектеулі жандар. «Ауыл» осындай нақты іспен әлжуаз топтағы азаматтарға мейілінше қолдау көрсетіп отыр. Сондай-ақ, саяси ұйым отандық өндіріс орындарын ашу барысында импорт көлемін азайтып, халықтың жоғары сұранысына ие өнімдерді шығаруға басымдық беруде. Кәсіпорында шығарылатын отандық өнімнің бағасы импорттық тауарлардан екі есе арзан.

Бейімбет Сүйін, кәсіпорындағы мүгедектер қоғамының басшысы:

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ешқандай жұмыс істеуге тосқауыл жоқ. Кімнің қолынан не келеді, соған байланысты іс тапсырамыз. Ең төменгі жалақы - 80 мың. Одан әрі қызметке қарай жоғарылай береді.


Хабарламаларға жазылу