Құқық қорғаудың үш буынды моделі енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құқық қорғаудың үш буынды моделі енгізіледі

10.11.2021

Елімізде адам құқығын қорғаудың жаңа үлгісі пайда болады. Қылмыстық процеске үш буынды модельді енгізу - Президент Жолдауында берілген тапсырманың бірі. Бұл жердегі негізгі мақсат - қылмыстық қудалау мен сот төрелігін іске асырудың жаңа жүйесіне көшу. Бүгін Мәжілісте полиция, прокуратура және және соттың құзыретін нақты белгілеуге бағытталған Заң жобасы мақұлданды. Өткен жылдың соңында тергеушінің негізгі шешімдерін прокурормен келісу туралы заң қабылданған. Бұл үш буынды модельге көшудің бірінші кезеңі. Екінші кезеңде прокурорға айыптау актісін өзі толтыру құқығын беру ұсынылып отыр. Яғни, адамды күдікті деп тану, тергеу мерзімдерін өзгерту, істі тоқтату туралы шешімді тек прокурор заңдастырады. Ал электронды іс жүргізуді енгізу - процесті жедел әрі жеңіл етуге мүмкіндік береді. Айыптау актісін жасау құқығы прокурорларға кезең-кезеңмен беріледі.

Әсет Шындалиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
2022 жылдан бастап бірқатар аса ауыр қылмыстар, 2023 жылдан сыбайлас жемқорлық бойынша істер, ал 2024 жылдан бастап барлық істер бойынша енгізілмек. Тергеушінің есебінде тергеу нәтижелері туралы қысқаша тұжырымдар ғана болады. Жиналған дәлелдерге талдау жасалмайды. Барлық сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қорытынды беретін түпкілікті құжат – ол прокурордың кеңейтілген айыптау актісі болып саналады.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу