Алматыда емдеу мекемелеріне 1,3 миллиард теңге айыппұл салынды
Алматыда емдеу мекемелеріне 1,3 млрд теңге айыппұл салынды. Олар осы жылдың тоғыз айында медициналық көмекті дұрыс көрсетпеген. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» хабарлады. Қордың мамандары кемшіліктің басым бөлігі консультативтік-диагностикалық көмек көрсететін клиникаларда болғанын айтады. Бұл мекемелерде 45 мыңнан астам қызмет түрі дұрыс көрсетілмеген. Соның салдарынан 80 миллион теңге қайтарып алынды. Сондай-ақ стационарларда да 6 мыңға жуық қызмет түрі сапасыз болып шыққан. Жіберген кемшіліктері үшін медициналық ұйымдар 1,2 млрд теңгеден астам айыппұл төледі. Ал, сапасыз қызметке жол берген емханалар қорға 60 млн теңге қайтарды.
Шынар Әлжанова, МСҚ Алматы филиалының бөлім басшысы:
Жалпы, кемшіліктердің басым бөлігі емдеу диагностикасы стандарттарынан ауытқу, медициналық құжаттарды дұрыс толтырмау, сосын қызмет сапасын негізсіз өсіріп көрсету сынды кемшіліктерден тұрады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сахна саңлағы Сәбит Оразбаев – 90 жаста
30.04.2026, 10:22
Қазақ тілін жетік меңгерген ақтөбелік Артем Райзих тарих пәнінен сабақ береді
30.04.2026, 10:20
Этносаралық келісімдердің басым бағыттары айқындалды
30.04.2026, 10:18
АҚШ Иранмен соғысқа 25 млрд доллар жұмсаған
30.04.2026, 10:16
Әлем нарығында мұнай бағасы 123 доллардан асты
30.04.2026, 10:16
Еліміздің бес өңірінде 2800-ден аса көлік айыппұл тұрағына қойылды
30.04.2026, 10:15
Ақмола облысында сүт зауытындағы жарылыстан екі жұмысшы зардап шекті
30.04.2026, 10:11
Екі жылда энергетика саласындағы мамандардың жалақысы 40%-ға өскен
30.04.2026, 10:08