Аюды атқан браконьер 3 жылға бас бостандығынан айырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аюды атқан браконьер 3 жылға бас бостандығынан айырылады

10.11.2021

Шығыс Қазақстанның Алтай ауданында аюды тұзақ құрып ұстаған аңшы 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тәртіп сақшылары заң бұзушыны «Браконьер» жедел алдын алу шарасы кезінде анықтаған. Аңшы аю етін жеуге, терісін сатуға дайындап қойған болып шықты. Қазір 45 жастағы тұрғынның үстінен «Заңсыз аң аулау» бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталған. Келтірілген шығын анықталып жатыр. Шығысқазақстандық құқық қорғаушылар айналдырған он күннің ішінде 5 браконьерді қолға түсірген.


Хабарламаларға жазылу