Қостанай облысында прокурор мен полиция бастығы қызметтік көліктерінің нөмірін ауыстырып мінген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында прокурор мен полиция бастығы қызметтік көліктерінің нөмірін ауыстырып мінген

10.11.2021

Қостанай облысындағы Сарыкөл ауданының прокуроры мен полиция бастығы қызметтік көліктерінің нөмірін ауыстырып мінген. Олар осылайша қызметтік көлікті жеке шаруасына жегіпті. Білдей бір ауданның прокуроры мен полиция бастығының бұл әрекеті алдымен көшедегі камераға түсіп қалған. Кейін ол әлеуметтік желіге тарап кеткен. Облыс прокуроры осы оқиға бойынша қызметтік тергеу жүріп жатқанын айтумен шектелді. Ал аудандық полиция бөлімі бастығының әрекетіне байланысты облыстық полиция департаменті де ішкі тексеріс жүргізіпті.

Қуаныш Дүйсебаев, ПД Кадр жөніндегі басқарма бастығының орынбасары:

Мемлекеттік қызметкердің этикалық кодексін бұзғаны үшін Сарыкөл аудандық полиция қызметкерлері қатаң тәртіптік жазаға тартылды. Сонымен қатар жүргізушіні әкімшілік жауапқа тартып, процессуалды шешім қабылдау үшін осы іске қатысты материалдар жергілікті полиция басқармасына жіберілді. Осыдан кейін Сарыкөл аудандық полиция бөлімінің бастығы өзін қызметінен босату туралы рапорт жазады.

Хабарламаларға жазылу