Қандастар жұмыспен қамтылады
Қандастарға арналған ауылдарда бордақылау алаңдары мен жылыжайлар салынып, шаруашылықтан шыққан өнімді сататын сауда орындары ашылады. Осылайша қосымша 3 жарым мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын ашу көзделіп отыр. Ақмола облысы Аршалы ауданына көшкен азаматтармен Сенат депутаттары кездесті. Олар қандастардың тұрмыс-тіршілігімен танысты. Айтуларынша, қазір дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының «Асар» атты пилоттық жобасы аясында өңірге 1 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылған. Оған біркелкі 1282 жер үй салу жоспарланған. Тағы 5 жарым миллиард теңгеге сәйкесінше инфрақұрылым тарту көзделген.
Ерік Сұлтанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:«Өңір» депутаттық тобы жұмыс күші көп өңірдің азаматтарын жұмыс күші тапшы өңірлерге көшіру жөніндегі бағдарламаның іске асу барысын қарастырып отыр. Көшу кезінде адамдар жиі қиындықтарға тап болатыны белгілі және біз осы ауылды үлгі ете отырып оларды шешу жолдарын қарайтын боламыз. Сенаторлар алдағы уақытта осындай жобаларды басқа өңірлерде де жүзеге асыру мүмкіндігін талқылау үшін өзге облыстардың әкімдерімен де кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07
Тегеран: 7 талабымызды орындаса ғана келіссөз өтеді
02.11.2026, 13:05