Түркістан облысындағы Сызған ауылы - ұзақ өмір сүретін жандар мекені - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысындағы Сызған ауылы - ұзақ өмір сүретін жандар мекені

09.11.2021

Түркістан облысының теріскейіндегі Сызған ауылы - ұзақ өмір сүретін жандар мен көпбалалы отбасылардың мекені

Қарт Қаратаудың етегіне қоныстанған алақандай ауыл бүгінде жасы 90- нан асқан оншақты қариясы мен ғасырдан астам өмір сүрген анасын ардақтап келе жатқан жатқан қазыналы жер. Созақ ауданы бойынша көзі тірі үш майдангердің бірі де осы ауылда тұрады.

арт майдангер әлі күнге немерлерінің сабағын өзі қадағалап, білмегенін үйретумен келеді. Белорусия майданында жауға қарсы соғысып, елге жеңіспен оралған Мырзахмет Жылысбаев зейнет жасына дейін ауыл мектебінде ұстаздық етті. Он екі ұл-перзент тәрбиеледі. 96 жастағы қария ауылымның тұмса табиғаты бойыма қуат дарытады дейді.

Мырзахмет Жылысбаев, соғыс ардагері: 
Арқар, киігі мол. Ауасы таза. Тауға жақын ғой 3 шақырым. Ауасы таза, шықан өсімдігі денсаулыққа пайдалы. Суы мұздай бұлақ, табиғаты тамаша.

Сызғандықтар жуырда ауылдың ең үлкені Дүйшет әженің 104 жасын тойлады. Қос ғасырдың куәгері болған кейуананың бойында ұл-қызы мен келіндері, ауылдастары үлгі тұтатын көп қасиет бар.

Дүйшет әженің ізін басып келе жатқан ендігі жасы үлкендердің бірі Тыныштық Қалдыбекова. Биыл 92-ге аяқ басты. Бірақ әлі күнге қимылы ширақ. Қарап отыра алмайды. Үй шаруасының бір шетін жайғап жүреді. Мұнысын жастай бойға сіңіп қалған еңбекқорлықтың арқасы деп біледі.

Тыныштық Қалдыбекова, ауыл тұрғыны: 
Дәл осы күні де келін жұмысқа кетсе балаларға көң алдырып, от жағып қоямын. Күлін алып шығарып қоямын. Қыдырып келмей қалса тамағын істеймін. Денсаулығыма өмірде күтіп жасап көрмеппін.

Сызған төскейінен төр түлікті түгел өргізген ауыл. Сондықтан мұнда жыл он екі ай таңның атысы мен күннің батысына дейін қайнаған тіршілік. Саф ауа мен табиғаттың әсемдігінен бөлек мұнда үлкендерінің ұзақ өмір сүруінің бірі сыры еңбекқорлық екенін көпшілік жиі айтады.

Байырхан Салманов, ауыл тұрғыны: 
 Малдың шарушалығы еш тоқтаусыз. Егіс, шөп шабу секілді науқандық жұмыс емес. Күнделікті сенің қимылыңды талап ететін тіршілік.

Сызған сондай-ақ көпбалалы отбасыларымен де мақтаулы. Мұндағы 179 отбасы ұрпағының көптігімен, олардың ұлғатты тәлімімен өзгелерге үлгі. Ал ғасырға жуық өмір сүріп келе жатқан алдыңғы толқынның ізінен сексеннің сеңгіріне шыққан тағы 40 шақты қария ілесіп келеді.


Хабарламаларға жазылу