Аяжан Еділованың өлімі: БАҚ-қа сот залына кіруге және онлайн бақылауға рұқсат етілмеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аяжан Еділованың өлімі: БАҚ-қа сот залына кіруге және онлайн бақылауға рұқсат етілмеді

09.11.2021

Алматыда қоғамды дүрліктірген Аяжан Еділованың өліміне қатысты сот отырысы басталды. Сегіз айға созылған тергеу амалдары аяқталып, іс сотқа жолданған болатын.

Отырыс аса ауыр қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралып жатыр. Аяжан Еділованың отбасының өкілі Қадыржан Ғалымжанұлының сөзінше іс 30 томнан тұрады. 30-ға жуық сараптама жасалған. Бұған дейін айыпталушы алқабилер сотынан бас тартқан болатын. Енді үкімді тәртіпке сай судья шығарады. Сот отырысы жабық жағдайда өтіп жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдарына сот залына кіруге және онлайн бақылауға да рұқсат етілмеді.

Айта кетейін, осы жылдың 19 наурызында қала тұрғыны Аяжан Еділова жұмыстан шыққаннан кейін хабарсыз кеткен. Бірнеше күннен кейін полиция қыздың қаза болғанын хабарлаған еді. Жоғалған күні Аяжан жаңадан танысқан ер адаммен кездесуге барғаны анықталды. Күдікті ретінде Түркістан облысының тұрғыны 1993 жылы туған азамат ұсталды


Хабарламаларға жазылу