«Таңшолпан». Жусан қатерлі ісікке ем (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Жусан қатерлі ісікке ем (ВИДЕО)

17.10.2017

Ғылыми тілде артемизия-аннуа деп аталатын өсімдік бар. АҚШ-тың Калифорния штатындағы университет ғалымдары осы өскіннің 16 сағат ішінде өкпе қатерлі ісігі жасушаларының 98 пайызын жойып жібере алатынын анықтады.

Бұл қазақ даласының кез келген жерінде өсетін кәдімгі – жусан. Біздің елде де дәстүрлі медицина мамандары жусанның екі түрін емдік жағдайда қолданады. Оның бірі биік таулы аймақтарда өсетін басында жемісі бар арқар жусан, екіншісі жазық жерлерде кездесетін қой жусан.

«Қой жусан рак ауруына ем болады. Көбіне, асқазан, өңеш жолы рагына дауа. Бұл негізгі дәрі болып есептелінеді»,-дейді гомеопат дәрігер Мақсат Әбдіқадыр.

Америка ғалымдары науқастарға жусанның өзін ғана ұсынбайды.  Мұндай жағдайда өскін қатерлі ісіктің тек 28 пайызын жойып жібере алады екен. Ал, оған темір қоспасын араластырып пайдаланса, өсімдік ракты толық емдеп жаза алады.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз!

Хабарламаларға жазылу