Алматы облысында «30 игі іс» акциясы аясында баспана кілті табысталды
Алматы облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «30 игі іс» акциясы басталды. Шараның өтуіне «Ауыл» партиясы мұрындық болды. Игі бастама Панфилов ауданы Жаркент қаласында баспанаға мұқтаж адамдарға тұрғын үй кілтін табыстау шарасынан бастау алды. Аудандық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер Олжас Жапарқұл төрт жанұяға пәтер сыйлады. Сонымен қатар, шараға жиналған партия мүшелері үйлі болған отбасыларға тұрмысқа қажетті заттар мен техникалар тарту етті.
Олжас Жапарқұл, «Ауыл» ХДПП мүшесі:Ауданда 143 мың халық бар. Кәсіпкерлер көп. Кәсіпкерлер өздерінің округтерінен осындай мұқтаж отбасыларға қолдан келгенше көмектесіп, үйін салып беріп, балабақшасын салып беріп қолдау көрсетсе деп ойлаймын.
Партия мүшелерінің сөзінше, жобаның мақсаты - мұқтаж отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету. Бұл игі іске ауыл шаруашылығының үздік мамандары мен кәсіпкерлер қолдау көрсеткен. Олар қазірдің өзінде ауыл тұрғындарының жағдайын жақсартуға және инфрақұрылымын дамытуға ат салысып келеді. Шара 16 желтоқсанға дейін жалғасады.
Анас Баққожаев, «Ауыл» ХДПП хатшысы:Баспанасыз адамдарға үй беру. Ауыз су құбырын жүргізу. Ауылға жарық тарту. Спорттық іс-шаралар, арнайы мектептер ашу. Отыз күннің ішінде мерейтойға дейін Қазақстанның түкпір-түкпірінде осындай игі іс атқарылатын болады.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01