Британдық Колумбия аймағын қалың қар басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Британдық Колумбия аймағын қалың қар басты

09.11.2021

Канадада қыс әлден-ақ қаһарына мініп келеді. Елдің Британдық Колумбия аймағының оңтүстік бөлігін өткен тәулікте қалың қар басты. Сондықтан жергілікті метеорологиялық агенттік халыққа абай болуды ескертіп отыр. Әсіресе жолдарда сақ болған жөн дейді.  Өйткені кейбір аудандарда боран күшейіп, аймаққа жауған ақ ұлпаның биіктігі бірден 25 сантиметрге жетуі мүмкін. Дегенмен әзірге жол апаттары мен құрбандар туралы мәліметтер түскен жоқ.


Хабарламаларға жазылу