Абай шахтасында қаза тапқан кеншілердің отбасына көмек беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай шахтасында қаза тапқан кеншілердің отбасына көмек беріледі

08.11.2021

Қарағандыда Абай шахтасындағы апат кезінде зардап шеккен екі кенші облыстық ауруханада ем қабылдап жатыр. Олар метан газынан уланғандықтан дәрігерлер науқастардың әлі де бақылауда болатынын жеткізді. Сол өңірдегі тілшіміз Руслан Нұрланұлы соңғы ақпараттармен бөліссін.

Руслан Нұрланұлы, тілші: 
Абай шахтасындағы төтенше жағдай кезінде метан газынан уланған екі кенші кеше облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған болатын. Олар-1963 жылы туған Жеңіс Маралбаев пен 1960 жылғы Элайдар Зейналов. Бүгін өздерін жақсы сезіне бастаған. Қазір токсикология бөліміне ауыстырылып, дәрігерлердің жіті бақылауында. Ал қаза болған 6 кеншінің артында қалған жақындарына компания тарапынан 10 жылдық күнкөріс шығыны төленіп, басқа да материалдық қолдаулар көрсетілмек.
Әлішер Әбенов, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры: 
Балаларының оқуы бойынша: бізде 23-жасқа дейін ЖОО-да күндізгі оқу бөлімінің қаржысын төлеп беру бойынша міндеттеме бар. Ол шығынды компания өз мойнына алады. Бұдан бөлек кеншілердің несиесін де жауып береміз. Ал, баспанаға келсек, қаза болған кеншілердің барлығының басында үйі болған. Сондықтан бұл сұрақ тағы да қосымша қаралатын болады.

Айта кету, керек төтенше жағдайдан соң Абай шахтасында көмір өндірісі тоқтатылып, комиссия тексеріс жүргізіуде. Жалпы кеншілер қаласы маңындағы барлық 8 көмір шахтансының өндірістік қауіпсіздігі толығымен тексеріледі.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу