Жапонияда соңғы бір тәулікте коронавирустан өлім тіркелген жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда соңғы бір тәулікте коронавирустан өлім тіркелген жоқ

08.11.2021

Жапонияда былтырғы тамыздан бері алғаш рет соңғы 24 сағатта коронавирустан өлім-жітім тіркелген жоқ. 126 млн-ға жуық тұрғыны бар елде бір тәулікте 126 адамнан вирус анықталған. Бұл туралы жексенбіде жарық көрген мәліметте көрсетілген. «Рейтердің» ақпаратына сай, жапондардың 77,8 пайызы ковидке қарсы вакцинаның бір дозасын, ал 92,5 пайызы толық компонентін алған.


Жапония коронавирус

Хабарламаларға жазылу