Мәулен Әшімбаев Рим папасы Францискпен кездесті
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен Рим папасы Францискпен кездесті. Ол Президенттің келесі жылға жоспарланған әлемдік және дәстүрлі діндер съезіне шақыртуын тапсырды. 2022 жылдың қыркүйегіне жоспарланған форумда дінбасыларының пандемиядан кейінгі адамзат дамуындағы ролі талқыланатынын айтқан. Понтифик Қазақстан президентінің шақыруына алғысын білдірген, жалпы, әлемдік және дәстүрлі діндер съезі маңызды бастама деген.
Мәулен Әшімбаев Римге сапары аясында Италия сенатындағы әріптестерімен парламентаралық ынтымақтастық туралы сөйлескен. Депутаттар екі мемлекеттің сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалар, сонымен бірге жасыл экономика, туризм бойынша байланыстарын нығайтуға мүдделі екендерін айтқан.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16