Шахтадағы апат: Оқиға хронологиясы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шахтадағы апат: Оқиға хронологиясы

07.11.2021

Бүгін таңертең 8 жарым шамасында Қарағанды облысы Абай қаласындағы «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қарасты Абай шахтасында апат болып, 6 адам опат болды.

Олар: Шмидт Виталий - ұңғымашы, Скитченко Николай – қауіпсіздік техникасы мастері, Абдуллин Наиль – ұңғымашы, Супрунов Алексей – учаске бастығының көмекшісі, Краус Сергей – машинист, Корниенко Сергей- машинист.

Марқұмдардың жақындары мен туыстарына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтты. Сондай-ақ зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Мемлекет басшысы Үкіметке шахтерлердің отбасыларына көмек көрсету жөнінде тапсырма берді.

Вентиляциялық штректің кенжары- забойында 64 адам болған, 56 адам өздері шыққан. Екі екі адам жарақат алғаны мәлім, олар аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Екеуі де шахтадағы газдармен, оның ішінде метанмен қатты уланған.

Шахта басында біздің түсіру тобы да таңнан жұмыс істеді. Мән-жайды өңірдегі меншікті тілшіміз Руслан Нұрланұлы айтып береді.


Хабарламаларға жазылу