«ЕО – Орталық Азия» экономикалық форумы өтті
Соңғы 10 жылда Еуро одаққа мүше мемлекеттер Орта Азия елдеріне 105 млрд еуродан астам инвестиция салған. Бұл тартылған шетелдік қаржының 40%-нан асады. Премьер-Министр Асқар Мамин «Еуро одақ – Орталық Азия» экономикалық форумында осылай деді. Орталық Азияға еуропадан қаржы құйып, оны жүргізу үшін 70-ке жуық компания қолайлы салықтық, визалық және еңбек режимінде жұмыс істейтін «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңын ұсынды.
«Орталық Азия – Еуро Одақ» іскерлік кеңесін құру бастамасы да көтерілді. Бішкекке жұмыс сапары аясында Асқар Мамин Еуропалық комиссияның атқарушы вице-президенті Валдис Домбровскиспен екіжақты келіссөз жүргізді. Қазақстан мен Еуро Одақ арасындағы сауда және инвестициялық ағындардың жоғары серпінін атап өтті. Биыл 9 айда тауар айналымы 19%-ға артқан. Үкімет басшысы Қырғызстан Премьер-Министрі Ақылбек Жапаровпен және Өзбекстан Үкіметінің басшысы Абдулла Ариповпен келіссөздер жүргізді. Әріптестер сауда-экономикалық, инвестициялық, су-энергетикалық және агро саладағы ынтымақтастықты сөз етті.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05