Майнингпен заңсыз айналысатын фермалар энергия тапшылығын тудырады
Майнингпен заңсыз айналысатын фермалар энергия тапшылығын тудырады. Энергетика вице-министрі Мұрат Жүребековтың айтуынша, биыл электр қуатын тұтыну бірден 8%-ке өскен. Өткен жылдармен салыстырсақ, елде энергия пайдалану көлемі небары 1-2%-ке артқан. Вице-министр биыл тым көп электр қуаты жұмсалғанын атап өтті. Оның сөзінше, көлеңкелі нарықта жүрген майнерлер көп мөлшерде электр қуатын пайдаланады. Қазақстанда ресми жұмыс істейтін шамамен 50-ге жуық дата-орталық бар. Алайда нарықта соңғы жылдары көлеңкеде жасырынған ойыншылар көбейген.
Мұрат Жүребеков, ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары:Қытайда майнинг фермаларының жабылып, олардың көбісі біздің елге келді. Бұл электр қуатының тепе-теңдігін сақтауға кері әсер етіп жатыр. Майнингпен көлеңкеде айналысатындарға шара қолдану қажет.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09