Мемлекеттік рәміздер дүниежүзілік Арктика мұрағатына орналастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік рәміздер дүниежүзілік Арктика мұрағатына орналастырылды

04.06.2021

Қазақстанның мемлекеттік рәміздері дүниежүзілік Арктика мұрағатына орналастырылды. Мұрағат Норвегияның Свалбард аймағында, Солтүстік полюске жақын орналасқан. Мұзды өлкеге еліміздің Норвегиядағы елшісі Еркін Ахинжанов арнайы сапарлап, мемлекеттік рәміздерді қойма басшылығына табыстады. Енді, еліміздің көкбайрағы, елтаңбасы, әнұраны мен Конституциясы мәңгілік тоңдағы терең болат қоймада 5 ғасыр сақталады. Файлдар Арктикалық әлемдік мұрағатты басқаратын «Piql» компаниясының арнайы технологиясымен алдын-ала архивацияланған. Бұл -тарихи, мәдени құнды деректер, зияткерлік меншік сынды сандық деректерді сақтайтын әлемдегі ірі мұрағаттардың бірі. 

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу