Ковидке қарсы вакцина ойлап тапқан отандық ғалымдар тобына мемлекеттік сыйақы тағайындалмақ. Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми институтының мамандары пандемия басталғалы 5 отандық вакцина шығарды. Олардың екеуі рекомбинантты вакцина болса бірі суббірлікті антивирус.
Сондай-ақ, тірі вирусты вакцина. Ол қазір клиникалық тексерістің екінші кезеңіне аяқ басты. Ал, тиімділігі дәлелденіп, ең көп таралғаны QazVac екпесі. Өлі вирустан дайындалған антивирус аурудың алдын алуға кеңінен қолданылуда. Отандық ғалымдар бес түрлі вакцинаны шығаруды бір мезгілде қолға алған. Жалпы мұнда аса қауіпті вирустарды зерттеумен айналысады.Осы уақытқа дейін отандық ғалымдар препараттардың 60-тан астам атауын, оның ішінде 16 тест-жүйесін және 15-тен астам түрлі биопрепараттарды әзірлеп шығарды.
Сәбит Әлдебай