Атырауда жүзден астам бала жедел респираторлы вирустық инфекциямен ауырып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда жүзден астам бала жедел респираторлы вирустық инфекциямен ауырып жатыр

05.11.2021

Атырауда коронавирус қаупі сейіліп келеді. Алайда балалар арасында жедел респираторлы вирустық инфекция өршіп тұр. Қазір жүзден астам бүлдіршін аурудың осы түрімен ауруханада жатыр. Бізбен байланыста меншікті тілшіміз Жандос Темірғали тұр. Жандос, сәбилердің жаппай сырқаттанып қалуына не себеп?

Жандос Темірғали, тілші:

Соңғы 5 күнде облыстық аурухананың қабылдау бөліміне 550 тұрғын шағыммен келді. Оның 97 пайызы балалар. Бүгінде емдеу мекемесінде 1 жасқа толмаған 69 нәресте, 3 жасқа дейінгі 40-қа тарта бүлдіршін мен 11 жүкті әйел жатыр. Олар жедел респираторлы вирустық инфекцияға қарсы ем алуда. Бұған маусымдық тұмау да қосылды. Яғни қала бойынша вирусологиялық сараптамаға алынған анализдердің қорытындысынан тұмаудың «А» типі анықталған. Мамандар бұл сырқат әдетте ауыр өтетінін айтады. Ал ковидке келер болсам, өткен тәулікте 22 адамнан індет анықталды. Емдеу орындарында 180-ге жуық науқас жатыр. 14-інің жағдайы ауыр дейді дәрігерлер. Денсаулық сақтау басқармасы өңір тұрғындарының 70 пайызы, яғни 242 мыңға жуық адам вакицина алды деп отыр. Оның 7 мыңнан астамы - медицина мамандары.


Атырау коронавирус

Хабарламаларға жазылу