Түркістан облысында шаңды дауылда жолда қалған 40-тан астам адам құтқарылды
Түркістан облысында шаңды дауыл тұрып, ондаған адам жолда қалды.
Өңірдің құтқарушылары 42 адамды құтқарды. Оның төртеуі- бала. Шаңды дауылдың салдарынан Берген және Қаражантақ тас жолдарында көлік қозғалысы баяулап, кептеліс пайда болған. Аймақта төтеше жағдай мамандары, өрт сөндіру, коммуналдық мекеме қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Маңғыстау облысында да таңертеңнен бері қатты жел соғып, шаңды дауыл көтерілді. Салдарынан тас жолдарда жүру қиындаған. Көлік жүргізушілері, әсіресе, Бейнеу-Сайөтес бағытындағы жолда қауіптің күшейгенін айтуда. Осыған орай, полицейлер жүргізушілерге аса сақ болу керектігін ескертті.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01