Грекияда екпе алмағандарға шектеу күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекияда екпе алмағандарға шектеу күшейтілді

04.11.2021

Грекияда екпе салдыртпағандар үшін шектеулер күшейтілді. Алдағы сенбіден бастап вакцина алмағандар сауда орындарына, шаштараз, банк, мемлекеттік мекемелерге, ойын-сауық орталықтарына кіре алмайды. Кіру үшін өз қаржысына ПТР тест немесе экспресс-тест тапсыруы тиіс. Ережені бұзған кәсіпкер 5 мың еуро айыпұл төлеп, бизнесі 10 күнге жабылады. Сондай-ақ, жеке және мемлекеттік мекемелердің екпе салдыртпаған қызметкерлері жұмысқа бару үшін енді аптасына екі рет ПТР тест тапсыруға міндетті. Биліктің мұндай қадамға баруына елде ковидтің өршуі себеп. Бүгін бір тәулікте коронавирусты 7 мыңға жуық адам жұқтырған.

Танос Плеврис, Грекияның денсаулық сақтау министрі:

Екпе алмаған азаматтар қазір тәуекел тобында тұр. Індетті жұқтырып, ауруханаға түсіп жатқандар да сол вакцина салдыртпағандар. Бүгінге дейін халықтың тек 61 пайызы ғана толықтай екпе алды. Қайғылы оқиға көбеймес үшін тұрғындарды тезірек вакцина салдыртуға шақырамын.


Хабарламаларға жазылу