Ақтөбеліктер Сармат дәуіріне жататын тарихи жәдігерлерді тамашалауға мүмкіндік алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеліктер Сармат дәуіріне жататын тарихи жәдігерлерді тамашалауға мүмкіндік алды

04.11.2021

Ақтөбеліктер Сармат дәуіріне жататын тарихи жәдігерлерді тамашалауға мүмкіндік алды. Облыстық музейде Атырау облысынан келген көшпелі көрме жұмысын бастады.

Әсіресе екі бірдей Алтын адамның тарихы көптің қызығушылығын тудырды. Өлкентанушылар бұл жәдігерлердің Ақтөбеден табылған «Алтын адаммен» байланысы барын айтады. Яғни барлығы бір дәуірге жатады деген пікірде. Зергерлік бұйымдардың өзі Сармат дәуіріндегі қолөнершілердің шеберлігі жоғары болғанын дәлелдейді.

Әйгерім Харипова, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры:
Алғаш рет қола қазандар көрермен назарына ұсынылып отыр. Қыш бұйымдар, соғыс қарулары, қылыш, жебе ұштары, құрбандық тастары, сүйектен жасалған бұйымдар, зергерлік бұйымдардың бәрі ұсынылады.


Хабарламаларға жазылу