Түркістан облысында 100-ден астам ауыл тұрғынының атынан несие рәсімдеген алаяқтар ұсталды
Түркістан облысы Сайрам ауданында банк қызметкері мен оның сыбайласы 100-ден астам ауыл тұрғынының сыртынан несие рәсімдеген. Күдіктілер осылайша алаяқтық жолмен 300 миллионға жуық теңгені өз пайдаларына жаратып жіберген. Сыбайласқан екеу қылмыстық әрекетін бір жоспармен жүзеге асырып отырған. Алаяқ қыз ауылдастары мен таныстарына «мемлекет тарапынан әр балаңызға 50 мың теңгеден әлеуметтік көмек алуға қажет құжаттарды жинап беремін» деп алдаған. Сөйтіп құжаттарды банктегі сыбайласына жіберіп отырған. Ал банк қызметкері олардың атына миллиондаған теңгеге несие рәсімдеп келген.
Бақытжан Сыдықов, облыстық ПД тергеу басқармасының бөлім бастығы:Тергеп-тексеру барысында аталған екі тұлғаға қатысты күзетпен ұстау шарасы санкцияланып, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде. Осы іс аясында тиісті сараптамалар тағайындалды.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07