Егіс алқаптары жабайы құстарға жем болды
ліміздегі егін шаруашылықтары жабайы құстардан орасан зиян шегуде. Мәселен, соңғы жылдары ұзақ пен көгершіннің көбейгендігі соншалық, өсірген өнімнің тең жартысын отап тастаған. Ал, құстарға қарсы күресуге диқандар дәрменсіз. Шығынға батқан шаруалармен тілшіміз Ержан Жақып тілдесті.
Ержан Жақып, тілші:Жабайы құстардан әсіресе күнбағыс егетін шарушылықтар көп зиян шегеді. Мысалы мына біз тұрған алқаптан биыл шауалар елу пайыз ғана өнім аламы- деп отыр. Өйткені, қалғаны зиянкес құстарға жем болған.
20 жылдық тәжірибесі бар агроном- Құмар Жақыпбеков жабайы құстардың осынша көбейгенін бұрын-соңды көрмегенін айтады. Егін даласын соңғы 4-5 жылда ұзақ жайлап алған. Салдарынан, есіл еңбек еш кетті-,дейді маман.
Құмар Жақыпбеков, агроном:50 ғана аламыз. 60 ең ұзаса. Қалғаныны құстар жеп бітіреді. Жылдан жылға көбейіп бара жатыры. Бұл енді бой бермейтін нәрсе. 4-5 атқа отырып үркітеміз. Бірақ оған да бой бермейді олар. Әбден әдістеніп алған. Адамның келе жатқанын біледі.
Қайырхан Шәкәрімов та биыл тың жатқан жерді игеріп күнбағыс екті. Жаз бойы суарып мол түсім болады-деп күткен. Бірақ, шарауаның егістігіне көгершін қаптап, тең жартысын жайпап кеткен. Егінді жабай құстан қорғаудың түрлі әдіс- айласын қолданғанмен нәтиже болмаған.
Жабайы құстардың кесірінен диқандардың шығынға батып жатқанын ауылшарушылық басқармасындағылар да біледі. Бірақ, көмек беруге қауқарсыз. Тіпті зиянкес қанаттыларды заң бойынша атуға болмайды –дейді.
Ербол Қуанышев, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:Шаруашылықтардан ұсыныс жинап, мәслихатқа қарастыруға бергенбіз осы мәселені. Бүгінгі күнге дейін бұл шешімін тапқан жоқ. Зиян келтіріп жатқан құстарды бүгінгі күні атуға да рұқсат жоқ.
Шаруалар осы күнге дейін елеусіз келе жатқан мәселені тез арада шешу керектігін айтады. Жебір құстарды жоюдың жолын таппаса, онсыз да шығыны көбейген егін шарушылығымен шұғылдануды доғарудан басқа амал жоқ-деп отыр.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҚО-да 59 мыңнан астам кәсіпкер еңбек етеді
11.09.2025, 20:28

Экономиканы әртараптандыру: Өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тартылады
11.09.2025, 20:26
Биыл еліміздің мектептерінде ЖИ-ді үйрету бойынша қосымша сабақтар енгізілді
11.09.2025, 20:25
Өскеменде оқу бағдарламасы толық цифрлы жүйеге көшті
11.09.2025, 20:21
Халық бір палаталы Парламенттің тиімді, үнемді болатынына үмітті
11.09.2025, 20:21
Алматыға жарты жылда млн-нан аса турист келген
11.09.2025, 20:19
Маңғыстауда туризм саласында 2029 жылға дейін 19 жоба жүзеге асырылмақ
11.09.2025, 20:19
«Qazaq Digital Mektebi» жобасы білім сапасын арттырады
11.09.2025, 20:17