ФИФА мен УЕФА-ның бұрынғы басшыларына алаяқтық үшін айып тағылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ФИФА мен УЕФА-ның бұрынғы басшыларына алаяқтық үшін айып тағылды

03.11.2021

Швейцария прокуратурасы әлемдік және еуропалық футбол федерациясының бұрынғы басшылары – Зепп Блаттер мен Мишель Платиниге алаяқтық бойынша айып тақты. Олар ФИФА мен УЕФА-ны басқарған жылдары Катарды Әлем чемпионатын өткізетін ел ретінде таңдау үшін пара алды деген болжам бар. Айыпталушылар  бұл төлемдердің заңды екенін алға тартып отыр.

Парақорлық, алаяқтық ісі бойынша тергеулер 2015 жылы басталды. Блаттер мен Платини футболдан шеттетілген. Содан кейін олар кінәсын жоққа шығарып, сотқа арыз жазғанымен, жеңіліске ұшыраған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу