Джанни Инфантино – ФИФА-ның жаңа президенті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Джанни Инфантино – ФИФА-ның жаңа президенті

27.02.2016
Джанни Инфантино – ФИФА-ның жаңа президенті

Цюрихте өткен Халықаралық футбол федерациясының президентін сайлаудың 2-ші туры қорытындысы бойынша ұйымның жаңа басшысы болып Джанни Инфантино таңдалды.

2-ші раундта Еуропалық футбол қауымдастығының бас хатшысына (УЕФА) 115 ел, Азия футбол конфедерациясының басшысы шейх Салманға - 88, Иордания ханзадасы Али бин Әл-Хусейнге – 4, ал ФИФА-ның бұрынғы бас хатшысының орынбасары франциялық Жером Шампаньға ешкім дауыс бермеді. ФИФА жарғысына сәйкес 2-ші турда жеңіске жетуі үшін кандидат кемінде дауыстың жалпы санының жартысын жинауы тиіс.

Айта кетейік, сайлаудың 1-ші кезеңінің қорытындысымен жеңімпаз анықталмады. Инфантино 88 дауыс, шейх Салман - 85 дауыс жинаса, қалғандары көп дауыс ала алмады. Оңтүстік Америка өкілі Токио Сексвале дауысқа түсуден бас тартты.

Бұған дейін біліктілігінен айырылған Индонезия мен Кувейт Ұлттық футбол федерациялары сайлауда дауыс беру құқығынан айырылды. 

 

Фото: Michael Probst / AP

Хабарламаларға жазылу