Рақымшылыққа кімдер ілігетіні белгілі болды
Тоғызыншы амнистия. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай бірқатар сотталған адам бостандыққа шығады. Мәжіліс депутаттары рақымшылыққа кімдер ілігетіні туралы заң жобасын қарады. Палата отырысына қатысқан Нысаналы Ығылдан толығырақ білейік. Нысаналы, сонымен кімдерге амнистия жасалмақ?
Нысаналы Ығыл, тілші:Құжатқа алғаш рет «Әлеуметтік осал санат» деген ұғым енген. Бұған екінші дүниежүзілік соғысына қатысушылар мен мүгедектер, қарулы күштердің, басқа да әскерлер, тіпті Кеңес одағының әскери қызметшілерінің жесірлері кіреді. Сондай-ақ қылмыс жасағанда он сегізге толмағандар және елуден асқан әйелдер мен алпыс жастан асқан ерлер бар. Рақымшылық 1-2 топтағы мүгедектер, жүкті әйелдер, ата-ана құқығынан айырылмаған және кәмелетке жетпеген балалардың жалғыз ата-анасына да жасалуы мүмкін. Алайда жеткіншектерге зәбір көрсеткендерге, жемқорлар, кісі өлтірушілер мен экстремистерге және қылмыстық топтардың бұрынғы мүшелеріне амнистия жасалмайды. Тәуелсіз ел тарихында бұған дейін 8 рет рақымшылық шарасы қолданылды. Оның төртеуі егемендік күніне орайластырылды.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бала асырап алу ережелері өзгерді
19.03.2026, 20:59
Сауалнама: Қазақстандық елде жүргізіліп жатқан өзгерістерді оң қабылдап отыр
19.03.2026, 20:57
Конституция мемлекет дамуындағы жаңа белесті айқындап берді
19.03.2026, 20:55
Еріктілер 300 түп көшет отырғызды
19.03.2026, 20:53
Digital Nauryz студенттік форумы өтті
19.03.2026, 20:51
Топтық кезең ойындары аяқталды
19.03.2026, 20:49
Денсаулық сақтау жүйесін реформалау күшейтілмек
19.03.2026, 20:47
Молдова және Украина елшілері қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
19.03.2026, 20:45