Түркістан облысында полицей үйінің шатырын шағын музейге айналдырған
Түркістан облысының Сайрам ауданында тұратын полицей үйінің шатырын шағын музейге айналдырған. Онда кеңестік заманнан қалған көне заттардың түр-түрі бар.
42 жастағы Сухраб Ирназаров соңғы 7 жылдан бері байырғы заттарды жинап келеді. Қазір мұнда мыңға жуық ескі монеталар мен өткен ғасырдың ескі тұрмыстық техникасы, телефондар мен тігін машиналары бар. Сондай-ақ, фотоаппараттар мен музыкалық аспаптар, радионың 250-ге жуық түрін көруге болады. Музейге келушілер құдды бір Кеңес үкіметі заманына еніп кеткендей әсер алып, әлеуметтік желіге суретке не видеоға түсіп жатады екен. Коллекционер көне заттарды қоқыстардан да алып, жинайтынын айтты. Полицей болашақта үйінің шатырындағы музейді кеңейтуді көздейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындары: Спортшылар лайнерде тұрады
07.09.2026, 20:30
Дарынды оқушы –ұлт болашағы
07.09.2026, 20:28
Дала додасында дараланғандар
07.09.2026, 20:16
Омарташы мамандарды оқытпай, бал экспорты оңалмайды
07.09.2026, 20:16
Атырауда резервтегі әскери міндеттілер дайындықтан өтіп жатыр
07.09.2026, 20:15
Сауалнамаға қатысқандардың 82% қазіргі өміріне қанағаттанады
07.09.2026, 20:11
288 мектепте стоматологиялық кабинет жұмыс істейді
07.09.2026, 20:09
Әлем жаңалықтарына шолу
07.09.2026, 20:09