Бірнеше өңірде екпе егу қарқыны төмендеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірнеше өңірде екпе егу қарқыны төмендеген

02.11.2021

Қазақстанның кей өңірлерінде екпе егу қарқыны төмендеген. Бұл эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп жақсаруына байланысты. Десе де арқаны кеңге салуға әлі ерте. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов екпе қарқыны төмендеген бірқатар өңірді атап, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Сондай-ақ премьер министрдің орынбасары вакцинациялау кезеңінде басымдық беретін тізімді атады. Ол қатарда 12 жастан асқан балалар, жүкті әйелдер мен емізулі сәбиі бар аналар бар. Ералы Тоғжановтың сөзінше қазір АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Израйль, Белгия, Индия, Біріккен Араб Әмірліктерінде балалар мен жүкті әйелдерге, аналарға осы «Pfizer» екпесі салынып жатыр. Вакцина өндірісі шектеулі болғандықтан шығарушы елдің үкіметімен келіссөз жүргізу керек.

Сондықтан жеке емханалардың сатып алуына әзірге мүмкіндік жоқ. Екпемен жеткілікті деңгейде қамту мәселесі апта сайын үкімет пен ведомствааралық комиссия отырысында қаралуда. Жалпы елде тіркелген алты екпенің үшеуі дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен мойындалған. Қазіргі уақытта халыққа «Спутник V», «QazVac» және «Sinopharm» екпелері салынуда. Қараша айында «Pfizer» вакцинасының 4 млн дозасы елге жеткізілмек. Ол 2 млн адамды екпемен қамтуға жетеді.


Хабарламаларға жазылу