Батыс Қазақстанда карантин талаптары қайтадан күшейтілмек. Бұған Ресейде эпидахуалдың күрт нашарлауы себеп болып отыр. Енді, түнгі сағат 12-ден кейін қалада бейсауат жүруге болмайды. Дәмхана-мейрамханалардың жұмысына да шектеу қойылмақ. Шекара бекеттерінде тексеріс күшейтіледі.
Айта кетейік, өңір көрші елдің бес облысымен шектеседі. Қалыптасқан жағдайға орай облыс әкімі штаб отырысында бас санитарға жаңа қаулы шығарып, тиісті шара қолдануды тапсырды.
Ардақ Мұратқызы