Қыз-келіншектерге Түркияда бизнес жасауды үйретіп жүргендер алаяқ па? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қыз-келіншектерге Түркияда бизнес жасауды үйретіп жүргендер алаяқ па?

31.10.2021

«Киім әкеп сатыңыз, табысқа кенелесіз, ал мен жолын көрсетемін» - деп жарнама жасаушыларға еліккен қыз-келіншектер несие алып, шақырған жеріне барып (бұл жерде әңгіме Түркия туралы), ақырында кейбірі сан соғып қалып жатыр. «Алдандым» дейді, тіпті қорлық көргендерін айтып, көз жастарын көл қылып отыр.

Алданғандар мен «алдағандар». Адасқандар мен «адастырушылар». Сол баяғы классика... Екінші жағынан, адастырушылар дейміз-ау, өйтіп сипаттағаннан да сақ болуы керек - олар қылмыстық жауапкершілікке тарта алмайтындай әрекет етеді. Және зорлықпен орындатпайды. Бәрін «құрбан» адамның өзіне істеді. Әрине, қомақты табыс тапсам, несие қамытынан құтылсам, адам сияқты өмір сүрсем деп армандап жүргендердің өздерін кінәлау – оңай. Алайда манипуляция жасайтындарды «жаңбыр-жаңбырдың» арасынан құрғақ болып шыға алмайтындай ету жолдарын да қарастыру керек. Амангелді Сейітханның материалы.


Хабарламаларға жазылу