Алматы облысы Қайнарлы ауылының тұрғындары жайылым жерден тарығып отыр. Ал, жер жекенің қолында. Тіпті ауыл іргесіне дейін егін салып тастаған шаруашылық иесі алқапқа малың түсті деп жұртты сотқа да берген. Мәселе шешілмесе, елден береке кетеді дейді арнамызға шағымданған ауыл тұрғындары.
Ауылдағы халықтың күн көрісі - қорадағы малы. Алайда жайылым жоқ болғандықтан жұрт төрт түлігін қорадан шығармай бағуға мәжбүр. Шалқар Бекен жылқысын да, қой-ешкісін де қазір сыртқа жібере алмайды. Себебі егістік алқап үйінің іргесіне жеткен. Амалсыз қысқа дайындаған мал азығын қазірден бере бастады.
Шалқар Бекен, ауыл тұрғыны:Шөп қымбат. Арпаның өзі 100 теңге. Шөбіңіздің өзі 1000 теңге болды. 1200-1300. Былайша айтқанда қаншама көп кісілер малдарын сатуға мәжбүр болып жатыр. Пандемияңыз бір жақтан қысып жатыр.
Ержан Жаңажыл, ауыл тұрғыны:Егініне кіріп кетсе жаңағы 147 бабымен штрафын салады. Одан кейін соттан ущербін өндіріп алады. Осындай жағдайға келтіріп отырған осы бапқа өзгерту енгізу керек деп ойлаймын.
1500 адам тұратын округтегі ірі қара саны 3000-ға жуықтаса, ұсақ малдың өзі 18 мыңға жеткен. Ал жайылымның басым бөлігі жеке қолда. Бірақ, ауыл әкімі керсінше, мал жайылатын жер жеткілікті деп отыр.
Дәулет Ыдырысов, Қайнарлы ауылдық округінің әкімі:198 га жеріміз бар. Қайнарлы ауылының өзінде. Ақтастыда 165. Үш ауылдан тұрады. Қоржынбай деген ауылымызда 107 гектар жеріміз бар. Солар сауын сиыр, табын, ауылдың табын деген жеріне жайылатын жерлер.
Ауылдағы ірі шаруашылық басшысы малың егініме түсті деп бір азаматтың үстінен шағым түсірген. Алайда шағымданушының өзі сотқа келмей, отырыс кейінге шегерілді. Қайнарлының жұрты мәселе түбегейлі шешілмесе, өзара соттасу, жаға жыртысу жалғаса береді деп күйінеді.
Қуаныш Қанатұлы