Президенттік кадрлық резервке іріктеудің төртінші кезеңі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттік кадрлық резервке іріктеудің төртінші кезеңі өтіп жатыр

27.10.2021

Президенттік жастар кадрлық резервке іріктеу жалғасып жатыр. Осы аптада үміткерлер стратегиялық ойлау, командалық көшбасшылық және сендіре білу сияқты сынақтардан өтуде. Ал олардың білімі мен біліктілігін сертификатталған сарапшылар тексеруде. Айта өтейік, биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған жобаға құжаттарды қабылдау қыркүйекте басталған. 8 мыңнан аса жас маман әкімшілік-басқару резервіне өтуге өтініш білдіріп, бақтарын сынап көрді. Алайда іріктеудің үш кезеңінен тек 235 үміткер ғана өте алды. Ал келесі, бесінші кезеңге, 125 адам ғана өтеді. Оларды эксперттік және ұлттық комисиия мүшелері сынап, тек 50-уін «А» корпусының саяси әкімшілік лауазымдары мен жетекші - «Б» корпусының резервіне алады. Резервте болу мерзімі – 3 жыл.

Сәуле Зейнолла, сарапшы:

Бұл кезең өте маңызды. Адамның құзреті ең қажетті және ең күрделі болып есептеледі. Сол құзіреттің арқасында адамның нәтижелігі, тиімділігі білінеді. Ал мемлекеттік қызмет көрсету саласында тиімді менеджерлер керек.

Нұрсұлтан Аманғали, үміткер:

Кадрлық резерв басталды деген хабар шыққан бойда мен құжаттарымды жинап, қатысамын деп шешкен болатынмын. себебі ең бірінші кадр резервінде менімен тікелей жұмыс жасайтын бес әріптесім кадр резервінің мүшесі болған. Соларға қарап мотивация алдым. Сол үшін қатысамын деп шешім қабылдадым.


Хабарламаларға жазылу