Президенттің кадр резервіне үміткерлер арасында шетелде жүрген 46 қазақстандық бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттің кадр резервіне үміткерлер арасында шетелде жүрген 46 қазақстандық бар

24.10.2019

Президенттің кадр резервіне үміткерлердің ішінде шетелде жүрген 46 Қазақстан азаматы бар. Олардың басым бөлігі АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Түркия елдерінен қатысып отыр. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы айтты. 

Анар Жайылғанованың сөзінше, іріктеуге қатысу үшін бастапқы тіркеуден 13 212 адам өтіп, оның 7312-сі тіркеу рәсімін толық аяқтаған. Қазіргі уақытта қатысушылардың құжаттарын қабылдау, тестілеу және қабілетті тексеру сынды іріктеудің бастапқы 3 кезеңі аяқталды. Төртінші кезеңде сарапшылармен сұхбат өтеді. Одан кейін комиссия әрбір үміткермен жеке әңгімелеседі. Нәтижесінде ең жоғары балл жинаған кандидаттар қабылданады. 

Резервке 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар жастар қатыса алады. Үміткерлердің арасында түрлі сала мамандары, кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлер бар. 

Анар Жайылғанова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы:

Квазигоссекторда болмасын немесе мемлекеттік қызметте болмасын, жақсы қызметте жүрген азаматтарды кадрлық резервке кірді екен деп бірден көтермелеуге болмайды. Біздің ең басты мақсатымыз - Президенттің кадрлық резервіне ең білікті, ең мықты 300 жас азаматты іріктеп беру ғана. 

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу