Шығыс Қазақстанда үйдің ауласында жұмбақ шұңқыр пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда үйдің ауласында жұмбақ шұңқыр пайда болды

26.10.2021

Шығыс Қазақстандағы Ақжар ауылы тұрғынының ауласында бір түнде диаметрі 15 сантиметр болатын жұмбақ шұңқыр пайда болды.

Үй иесінің айтуынша, түн ішінде қатты гүрсіл естілген. Таңертең аулаға шыққанда жердегі бұрын-соңды болмаған қуысты көріп таң қалған. Жұмбақ шұңқырды жергілікті төтенше жағдайлар қызметінің мамандары да келіп көрген. Оның тереңдігі белгісіз. Шұңқыр тереңдеген сайын жіңішкере беретін көрінеді. Әзірге оның қалай пайда болғандығын ешкім білмейді.


Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу