Қызылордалық диқандар күріш дақылынан 500 мың тонна өнім алды
Сырбойылық диқандар күзгі жиын-терім науқанын толық аяқтады. Шаруалар 83 мың гектар күріштік алқаптан, 500 мың тоннаға жуық өнім жинады. Биылғы су тапшылығына қарамастан бұл өте жақсы көрсеткіш дейді мамандар.
Жалпы облыста 188 мың гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдары егілді. Соның ішінде суды аз қажет ететін егістік көлемі ұлғайды. Нәтижесінде бау-бақша көлемі артып, 70 мың тонна картоп, 119 мың тонна басқа да көкөніс қамбаға құйылды. Сондай-ақ, күздік бидайдың да шығымы жоғары.
Талғат Дүйсебаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:118 млрд 500 миллион теңгенің жалпы ауылшаруашылығы өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,5 пайызға асып отыр. Оның ішінде 75 млрд 800 миллион теңге, мал шаруашылығында 41 млрд 900 миллион теңгенің өнімі өндіріліп отыр.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16