Алматылықтар «Pfizer» вакцинасын кез келген екпе егу пунктінде салдыра алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылықтар «Pfizer» вакцинасын кез келген екпе егу пунктінде салдыра алады

21.10.2021

Алматылықтар «Pfizer»  вакцинасын кез келген екпе егу пунктінде салдыра алады. Үйге немесе мектепке шақыртып, салдыртуға да болады. Бұл туралы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев айтты. Коронавирусқа қарсы екпе оқушыларға, жүкті әйелдер мен емізулі баласы бар келіншектерге салынады. Қазір шахарда 12-18 жас аралығындағы 176 600 жеткіншек, 87 мыңдай емізулі баласы бар және жүкті әйел тізімге алынған. Вакцинация ерікті түрде және ата-ананың келісімімен жүргізіледі.

Нариман Табынбаев, қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы:
«Pfizer» вакцинасын сақтау, қолдану бойынша нақты нұсқаулар бар. Екпе ереже бойынша арнайы температурада сақталады. Бұл - әзірлеушілердің басты талабы. Препаратты жалпы 30 күнге дейін суық тізбекті сақтай отырып қолдануға болады. Осы уақыт аралығында ол өзінің қасиеттерін толық сақтайды.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу