Алматыда ұжымдағы вакциналау бойынша рейд басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ұжымдағы вакциналау бойынша рейд басталды

19.10.2021

Алматыда қызметкерлердің екпе алуы бойынша рейдтік тексеру жүргізіле бастады. 1 апта ішінде мониторингтік топтар 13 мыңдай адам жұмыс істейтін 35 кәсіпорынды тексерген.

9 мыңнан астам қызметкердің вакцина алғаны, 1 200 адам екпе салдырмағаны анықталды. Ал 1 300 қызметкердің медициналық қарсы көрсетілімдері болған. Сондай-ақ 302 бизнес нысаны мен жоғары оқу орындары тексерілді. 65 мыңдай қызметкердің 84 пайызы екпе салдырған.

Жолаушылар мен қоғамдық көлік жүргізушілері де қатаң тексеріліп жатыр. Бетперде режимін сақтамағаны үшін 224 жеке тұлғаға және бір заңды тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды.

Айта кетейік, қалада эпидахуал әлі күрделі. Күн сайын 300-ден астам КВИ жұқтырғандар анықталып жатыр. 1 368 науқас стационарларда ем алып жатыр. 


Хабарламаларға жазылу