Маңғыстауда қуаңшылықтан мал қайта қырылып жатыр
Қарақия ауданының шаруасы Нұрболат Темірбаевтың бір апта бұрын бірнеше малы аштан қырылған. Айтуынша, қуаңшылықтан далада отырған шаруалар зардап шегуде. Жерде шөп жоқ. Ішерге су жоқ. Сондықтан ол көпшіліктің атынан көмек сұрап, ұсыныстарын жеткізді. Тығырыққа тірелген шаруалар облыстағы табиғи қорықтардың аумағынан жайылымға жер берілгенін қалайды. 2100 теңгеден сатылып жатқан жемнің бағасын 1500 теңгеге түсіріп, қалғанын субсидиялауды сұрайды. Ал, құзырлы органдар болса, жуық арада малдың аштан өлу дерегі тіркелмегенін айтады. Жалпы жыл басынан бері қуаңшылықтың кесірінен өңірде 1196 түлік шығын болды.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы: Еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бар күшімді саламын
29.09.2026, 23:27
Елімде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын – Мемлекет басшысы
29.09.2026, 23:13
Тау туризмі: «Oi-Qaragai» курорты кеңейіп жатыр
29.09.2026, 20:58
Almaty SuperSki жобасы табиғатқа зиян келтірмейді
29.09.2026, 20:56
Непалда тасқын кезінде жоғалып кеткендер әлі табылған жоқ
29.09.2026, 20:54
KazHackStan 2026: Астанада киберқауіпсіздік мәселелері талқылануда
29.09.2026, 20:53
1 қазаннан бастап онлайн несие рәсімдеу тәртібі өзгереді
29.09.2026, 20:06
БҚО-да шаруалар мемлекет қолдауымен кәсібін дөңгелетіп отыр
29.09.2026, 20:05